Астанада, Алматыда және Шымкентте дүйсенбіде жауын-шашын болмайды

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Астанада, Алматыда және Шымкентте дүйсенбіде жауын-шашын болмайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2 м/с жел тұрады. Күндіз -3-5, түнде -9-11. Түнде ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.
Алматыда жауын-шашынсыз. Күндіз 0+2, түнде -6-8.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 1 м/с жел тұрады. Күндіз +11+13, түнде -1-3. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.

adimage