Астанада амбулаторлық-емханалық көмекпен қамтамасыз етуге Т500 млн астам қосымша қаржы керек

Күні: 16:49, 24-10-2014.

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Көші-қон ағынының жыл сайын артуына байланысты Астанада амбулаторлық-емханалық көмекпен қамтамасыз етуге Т500 млн астам қосымша қаржы керек, деп хабарлады Астана әкімінің орынбасары Ерсайын Нағаспаев.
«Біз қазір келесідей мәселеге тап болып отырмыз, амбулаторлық-емханалық көмекті толықтыру үшін Астанаға қосымша жарты миллион теңге қажет болып отыр», - деді Е.Нағаспаев ҚР парламенті  сенатында жұма күні мемлекеттің жаңа бюджеттік саясатын талқылау барысында.
Әкім орынбасары қажеттіліктің туындау себебін түсіндірді.  
«Сіздер білетіндей, халықтың Астанаға көшіп келу қарқыны жоғары. Жыл сайын тек  ресми түрде 50-60 мың алдамды елордамызға қабылдаймыз. Бұл ресми ғана! Ресми емес ақпар бойынша бұдан да көптеу. Соған байланысты қаржы тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр, ең алдымен, амбулаторлық-емханалық көмекте, ол 2014 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен қаржыландырылып келеді», - деп толықтырды ол.
Оның айтуынша, Астана әкімдігі денсаулық сақтау саласында қосымша шығындар мәселесімен бетпе-бет келіп отыр.
«Салалық министрліктің бұйрығына сәйкес қосымша қаржыландыруды жергілікті бюджет есебінен жүзеге асыру ұсынылған. Яғни бізге келушілер саны  министрлікпен жоспарланған саннан біршама жоғары  болып отыр», - деп түйіндеді ол сөзін.


Жаңалықтармен бөлісу: