Астанада апатты баспаналарды сүруге Т20 млрд жұмсалады

Күні: 18:40, 06-11-2018.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Астанада апатты баспаналарды сүруге Т20 млрд жұмсалады, деп хабарлады Қазақстанның инвестиция және даму министрі  Жеңіс Қасымбек.
«Жалпы мембағдарламаны жүзеге асыруға   («Нұрлы жер» – ҚазТАГ) 2018 жылғы республикалық   бюджеттен Т148,6 млрд. қарастырылған. Міндеттемелерді жабу үшін Астанада апатты баспаналарды сүрудің пилоттық жобасына Т20 млрд жұмсалады. Сондай-ақ, жеке құрылысшылар мен халықтың ипотекасын субсидиялауға   Т7,9 млрд қарастырылған», - деді Ж.Қасымбек сейсенбідегі үкімет отырысында.  
Қарастырылған қаржы ішінен, оның айтуынша, баспаналар салынып жатқан аудандарға инженерлік коммуникациялар жүргізуге қаржыландыру жоспары бойынша Т44,6 млрд аударылған, оның 91,7% игерілген.
Бұған дейін хабарланғандай, «Нұрлы жер» мембағдарламасы аясында 2018 жылдың тоғыз айында республика бойынша 8,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғаннан    11,6% жоғары. 77 мыңнан астам отбасы ҚР ИДМ ақпарынша, өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты, олардың ішінде шамамен 9,5 мыңы мемлекеттік қаржы есебінен салынған баспаналы болды.  
2018 жылы барлығы кем дегенде 12,1 млн шаршы м. тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде меминвестиция аясында 1,3 млн ш.м. немесе 22 мың пәтер.  


Жаңалықтармен бөлісу: