Астанада қатты аяз салдарынан төменгі класс оқушылары үшін сабақ болмайды

Күні: 09:20, 25-01-2019.

Астана. 25 қаңтар. ҚазТАГ – Астанада қатты аяз салдарынан төменгі класс оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлады құтқару қызметінен.
«Астанада -28 градус аяз. 0-4 класс оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Еске салсақ, синоптиктердің болжамынша, елордада солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 5-10 м/с күшейеді.


Жаңалықтармен бөлісу: