Астанада автобустардың қатысуымен орын алған жаппай ЖКО-да кем дегенде 25 адам зардап шегіп, екеуі мерт болды

Алматы. 26 наурыз. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Астанада автобустардың қатысуымен орын алған жаппай ЖКО-да кем дегенде 25 адам зардап шегіп, екеуі мерт болды, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.
«Алдын-ала нұсқа бойынша №2 Қалалық ауруханаға 25 адам жеткізілген, екеуі мерт болған – алдын-ала болжам бойынша. Қазір шамамен 30 дәрігер алғашқы жедел көмек көрсетуде. Оқиға орнына жеткен Астана қаласының әкімі барлық қажетті медициналық көмек көрсету туралы тапсырма берді», - деді Жүргенбаева сейсенбіде.
Сондай-ақ, оның айтуынша, әкім «қаза тапқандардың туыстарына психологиялық көмек, сонымен қатар әкімдік құзыретіне кіретін көмек» көрсетуді тапсырды.
Ол LRT ақпарынша, барлық автобустардың желіге шығар алдында техникалық тұрғыдан ақаулары болмағанын айтты.
Бұған дейін үш автобус, жеңіл көлік пен жедел-жәрдем көлігінің қатысуымен Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында ЖКО орын алғаны хабарланған еді.
Алдын-ала болжам бойынша, маршруттық автобус жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі таңда оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

adimage