Астанада қазақстандық-италияндық бизнес-форум өтуде

Күні: 12:22, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Астанада қазақстандық-италияндық бизнес-форум өтуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Астанада Италья Республикасының экономикалық даму министрінің орынбасары Карло Календа бастаған Италья бизнес-делегациясының сапарына орайластырылған бизнес-форум өтуде», - делінген ҚР инвестициялар және даму министрлігіның баспасөз қызметі дүйсенбі күні таратқан хабарда.
Формуға ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсіомв, ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешева пен т.б. ресми тұлғалар қатысуда.
Хабарда айтылғандай, итальяндық делегация құрамына агроөнеркәсіп, тоқыма, құрылыс индустриясы мен құрылыс инфрақұрылымы кешеніне кіретін 80 компания делегациясы қатысуда.
ҚР статагенттік мәліметтерінше, 2013 жылы Итальямен екіжақты тауар айналымы $16,2 млрд-ты құрады.
«Экспорт – $15,2 млрд, импорт – $993 млн. 2014 жылғы қаңтар-шілдеде бұл көрсеткіш $11,7 млрд болды. Былтырғымен салыстырғанда екі ел арасындағы тауар айналымы $4,6 млрд-қа жетті», - делінген хабарда.
Қазақстанда итальяныдық компаниялардың қатысуымен 178 бірлескен кәсіпорын жұмыс атқаруда.


Жаңалықтармен бөлісу: