Астанада «Бәйтерек» ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабады

Күні: 11:48, 28-09-2018.

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ - Астанада «Бәйтерек» ескерткішін 1 қазаннан бастап жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабады, делінген елордалық әкімдіктің сайтында.  
«Жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты 1-7 қазан аралығында «Бәйтерек» ескерткіші  келушілер үшін жабық болады.   (…) Бұл құрылымның әйнек терезелерін сүрту, ішкі жарларын бояу, болмашы ақауларды жою, жылыту маусымына дайындау деген секілді маусымдық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты туып отырған қажеттілік», - делінген хабарда.  
Ескерткіш келушілер үшін 8 қазанда ашылады.  
Бұған дейін «Бәйтерек» ескерткіші 2018 жылдың 21-28 мамыры аралығында қалпына келтіру жұмыстарына байланысты жабылған болатын.  Ескерткіш ашылғалы бері оған келушілер саны 300 мың адамнан асқан.  


Жаңалықтармен бөлісу: