Астанада барлық проблемалы нысандардағы құрылысты аяқтау бойынша жол картасы әзірленді

Астана. 26 желтоқсан. ҚазТАГ - Астанада барлық проблемалы нысандардағы құрылысты аяқтау бойынша жол картасы әзірленді, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет сайтынан.
«Үлескерлердің проблемаларын түпкілікті шешу үшін Астана қаласының әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық проблемалық нысандардың құрылысын 2020 жылдың соңына дейін аяқтау жөніндегі Жол картасын әзірлеп жатыр», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Астана әкімдігінің ақпарынша, жыл басталғанда ВАК-тың бақылауында проблемалы 62 құрылыс нысаны бар еді.
«Ведомствоаралық комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша үнемі бақылауда проблемалық нысандардың саны 28-ге дейін қысқарды», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, ВАК-тың бақылауында тағы 23 нысан бар. Бұл нысандар бұрын проблемалық нысандардың қатарында болатын. Бірақ, ТҮҚК-ні құру, жобалау және құрылыс жұмыстарының нәтижесінде құрылысты аяқтау механизмдері, әзірленіп, бүгінгі таңда үлескерлер өз күшімен құрылыс жұмыстарын аяқтап жатыр.
Бұл ретте 23 нысанның 10-да адамдар тұрып жатыр. Қазіргі таңда олардың жобалық-сметалық құжаттамасын қалпына келтіру және объектілерді пайдалануға беру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

adimage