Астанада Бейбітшілік және келісім сарайына қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі

Күні: 09:43, 04-02-2019.

Астана. 4 ақпан. ҚазТАГ –Астанада Бейбітшілік және келісім сарайына және жанында орналасқан президенттік саябаққа қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады елорданың ресми сайтынан.

«Біз нысанды жаңа энергиямен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда сәулетші Норман Фостер ойлап тапқан стильге сәйкес келетін барлық бөлмелердің әдемі, жайлы болуын қалаймыз. Концерттік және көрме бағдарламалары, әлеуметтік жобалардың үйлесімділігі маңызды», – деп келтірген баспасөз қызметі «Құланшы» заманауи өнер орталығының жетекшісі Лейла Махаттың сөзін.

Пирамидада сондай-ақ коворкинг орталығын құру жоспарлануда.

Сонымен қатар, қала әкімдігі Президенттік саябақты және іргелес аумақты қайта жаңартуды жоспарлап отыр.

«Біз жобаны жүзеге асыратын авторды анықтадық. Оған «Энциклопедия саябақ», «Ежелгі өнер және технологиялар мұражайы» сынды толықтырулар енгізіледі. Авторлар кесте дайындап, құрылыс екі кезеңге бөлінді. Саябақ пен оған іргелес аумақтар жаңартылады», - деді қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев.

Ақпарға сәйкес, қала әкімі Бақыт Сұлтанов сарайдың қызметімен танысып, оның ішкі өзгерістері бойынша ұсынылған тұжырымдаманы қолдап, «еркіндік үшін» және «Arteria»көрмелерін зерделеді. Сонымен қатар, қала басшысы ғимаратқа толық техникалық сараптама жүргізуді тапсырды.


Жаңалықтармен бөлісу: