Астанада бір ауданның көшелерін күтіп ұстауға Т13,1 млрд жұмсауды жоспарлап отыр

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Астанада бір ауданның көшелерін күтіп ұстауға Т13,1 млрд жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы - ғимараттарды/бөлмелерді/аумақтарды және ұқсас объектілерді жинау бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - көшелерді ағымдағы күтіп ұстау және тазарту, қоқыс, қар және құрылыс қалдықтарын шығару қызметтері; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т13 156 046 428,58», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 29 қарашада басталған, 14 желтоқсанда аяқталады.

«Өнім беруші әлеуетті өнім берушінің бухгалтерлік деректері негізінде еңбек ресурстарын қайта бағалай отырып, тапсырыс берушінің бекітілген техникалық ерекшелігінің базасында шарт жасасу сәтіндегі ағымдағы бағаларда ресурстық әдіспен жасалған шартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұтып алған конкурстық баға ұсынысының/жасалған шарттың бағасы негізінде бағаның жазбаша негіздемесін ұсынуға міндеттенеді. Нақты мәмілелер, қолданыстағы келісімшарттар бойынша еңбекақы төлеу, машиналарды пайдалану құны, материалдық ресурстардың құны, оларды жеткізуге арналған ұсыныстар. Бұл ретте, егер өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы осы лоттың бюджеттік құнына қатысты жеңілдікті көздеген жағдайда, онда жеңілдік сомасы бекітілген техникалық ерекшелік базасындағы сметаның барлық позициялары арасында біркелкі бөлінеді. Сметаны жасау кезінде қызметтер мен жұмыстардың атауы мен нақты көлемі, ресурстардың нормативтік шығыстары, конструкциялар мен материалдардың сапалық, сандық құрамы (тапсырыс берушінің ресурстық бөлігі) өзгеріссіз қалуға тиіс», - деп қызметтердің техникалық еркешелігінде жазылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage