«Тапсырыс беруші – «Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - работы по среднему ремонту автомобильной дороги («автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Астана қаласының Сығанақ, Ш. Қалдаяқов көшелерін және көше-жол желісін ағымды жөндеу жұмыстары; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т3 809 196 428,57», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 12 ақпан мен 19 ақпан аралығында өтеді.
«Мердігердің өз зертханасы болуы немесе Астана қаласында орналасқан ҚР ИААЖ аккредиттелген жол зертханасымен шарт жасасуға міндетті. Зертханада тексеру сертификаттары бар минералды материалдарды, тұтқыр, асфальтбетон қоспаларын, жабыннан шабу, инертті материалдарды іріктеуге және сынауға арналған аккредиттелген және сертификатталған жабдық болуы тиіс», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: gov.kz