«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен М. есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз өткізу және сақтау мақсатында сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеті жыл бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», – делінген хабарламада.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен М.-ға қатысты үкім шығарған. Ол психотроптық заттарды аса ірі көлемде сату және сақтау мақсатында заңсыз сақтау бойынша айыпталған.
2024 жылдың қазан айында М. аса ірі мөлшердегі психотроптық затты заңсыз өткізу мақсатында сатып алушы – шартты сатып алушымен кездесіп, оған салмағы 6,19 грамм болатын тоғыз таблетка психотроптық затты 300 мың теңгеге сатқан.
Сондай-ақ 2024 жылдың қазанында сотталушы М. сату мақсатында аса ірі мөлшерде – 17,28 грамм болатын 25 таблетка психотроптық затты заңсыз сақтаған.
Айыпталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалар қорытындыларымен, бейнежазбалармен және қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденген.
Фото көзі: Freepik