Астанада ғимараттағы газ баллонының жарылуынан үш адам зардап шекті

Астана. 15 наурыз. ҚазТАГ – Жарылыс Астанадағы екі қабатты ғимаратта орын алды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«15 наурызда сағат 17.06-да Астана ТЖД «101» тетігіне Алаш шоссесінің бойындағы «СүтӨнімдерісервисі» ЖШС екі қабатты ғимаратында жарылыс болғаны туралы хабар келіп түсті», - деп хабарлады жұма күні Нұрахметов.
Ол атап өткендей, алғашқы өрт сөндірушілер 17.14-те келіп жеткенде жарылыс салдарынан бірінші және екінші қабаттың арасындағы 300 ш.м. алаңдағы төбенің құлағаны белгілі болды.
«Үш адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына Астана ТЖД жеке құрамдағы 22 адамы мен 6 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деді ТЖК өкілі.

adimage