Астанада күн батареяларымен жабдықталған қуат станциялары пайда болады

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Елордада күн батареяларымен жабдықталған қуат станциялары пайда болады, деп хабарлады Астана әкімі аппаратының ресми сайты.
«Астанада электромобильдерге арналған қуат станциялары құрылысының инвестициялық жобасын әзірлеу қолға алынды. Бастапқы кезде қуат беру станциялары тегін болады. Жобаның "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС жүзеге асырады», - делінген әкім аппаратының сайтында бейсенбі жарияланған хабарда.
Электромобильдерге арналған қуат станцияларының құрылысы Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі мен Астана қаласын ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық аясында жүргізілетіні көрсетілген.
«...Жекелеген үш «Жасыл ЖҚС» салу және бүгінде жұмыс істеп тұрған сегіз «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станциясында электромобильдерге арналған 11 қуат беру станциясын орнату көзделген. Жобалаушылардың жоспарына сәйкес, станциялар автономды жұмыс істейді, олар жергілікті электр желілерінен тәуелсіз болады. Жобада тиімділікті арттыру мен автомобиль станцияларына өндірілетін «жасыл» электр энергиясының статусына толық сай болу үшін күн сәулелерінің әсерінен электр энергиясын генерациялайтын ЖҚС фотоэлектр модульдерін орнату қарастырылған», - деп хабарланған сайтта.
Баспасөз қызметі пилоттық жоба аясында электромобильдерге қуат беру станциялары тек Астанада ғана ашылмақ екенін атап көрсетеді. Кейіннен Қазақстанның басқа қалаларында да салу мәселесі қаралатын болады.

adimage