Астанада әлеуметтік нысандар жылыту жүйесіне қосыла бастады

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада әлеуметтік нысандар жылыту жүйесіне қосыла бастады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Астанада ауа райының салқындауына байланысты әлеуметтік нысандар (медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б.) жылыту жүйесіне мерзімінен бұрын қосыла бастады», - делінген хабарда.
30 қыркүйектен бастап көппәтерлі үйлер кезең-кезеңімен жылытуға қосылады.
Сондай-ақ елордада елді мекендерді газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандарындағы үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген.
Сол сияқты жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды.


adimage