Астанада Минскіде екі адамды өлтірген деп айыпталған қазақстандықтардың ісі бойынша сот басталды

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Минскіде екі адамды өлтірген деп айыпталған қазақстандықтардың ісі бойынша сот басталды, деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметінен.
«13 қазан 2014 жылы Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ҚР ҚК-тің 179 бабының 4 бөлігі «б» тармағы, 96 баптың 2-бөлігінің «а,д,ж,з» тармақтары, 324 баптың 1-бөлігі бойынша, ҚР РФ-ның азаматтарын өлтірді деп айыпталған Б. Искаков және К. Нурпеисовке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы басталып кетті», - делінген қалалық сот сайтында жариялаенған хабарда.
Қылмыстық істің материалдары бойынша аталмыш қылмыс Беларусь Республикасының Минск қаласында 10 желтоқсан 2012 жылы орын алған.
2012 жылы 10 желтоқсанда Минскідегі жалға алған пәтерде өлген екі адамның денесі табылды. Анықталғандай, өлген азаматтардың бірі Қазақстан азаматы, ал екіншісі – Ресей азаматы болып шықты. Қаскөйлер оларды пышақтап, олардың ірі сомадағы ақшасын алып, қылмыс орнынан тайып тұрған. Қылмыскерлер жастары 29 және 32-дегі ҚР азаматтары екені анықталды.  

adimage