Астанада Наурыз мейрамында ұсталған журналист Глушковаға сот айыппұл салды

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Астанада Наурыз мейрамында ұсталған журналист Светлана Глушковаға сот айыппұл салды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс жасалған шоу аяқталды. Міне мынау үшін (оған журналисттік қызметін жүзеге асыруға кедергі келтірілген видео- ҚазТАГ) маған 10 АЕК көлемінде айыппұл салды. Мен осылай болады –ау деп ойлағам, тіпті одан да бетер болар деп, бірақ сот тарапынан осындай заңсыздық болады деп ойламаппын. Мені менсіз соттады, мен сотта болғанда менің пікірімді тыңдағылары да келген жоқ. Бір топ полицейлер, ҰҚК-дегілер келді, байланыс өшірілді. Бізде міне сөз бостандығынан осылай қорқады. Дегенмен кез-келгеннің қолында смартфон барда елдегі биліктің шексіз былығын көрсете беруге болады және оны жасыру мүмкін де емес», - деді Глушкова сейсенбіде.
Журналистті «Астана жастарының» еріктісі Гүлназ Тұрарбекованы ұрған-мыс деп айыптаған, ал ол 22 наурызда «Шапағат» сауда үйінің алдында «биімен, әнімен» халықтың көңілін көтеріп жүрген. Сол кезде полиция елорданың атауын өзгертуге қатысты қарсылық танытушыларды ұстап жатқан екен.
Соттың журналистке қатысты шешімінен кейін сот залында жиналғандар «Масқара!» деп айқайлады.
Бұған дейін хабарланғандай, Глушковаға оны қорқытқан хаттар келе бастаған, ал сот процесінің өзі бұзушылықтармен өткен. Сондай-ақ анықталғандай, іс материалына жедел бейне жазба тартылған, бұл журналисттің қорғаушысын оның қорғауындағы адамды аңдыған деген ойға қалдырды.
Еске салсақ, 21 және 22 наурызда Астана мен Алматыда ондаған адамдар ұсталды. Ұсталғандар арасында – журналистер де бар, оның ішінде Светлана Глушкова да бар. Сонымен қатар, адамдар ұсталған жерде БАҚ қызметкерлеріне жұмыс жасауға кедергі келтірілген, ал азаматтарды ұстаудың өзі полиция тарапынан бұзушылықтармен жүзеге асқан. Еске салсақ, 21 наурызда Астанада полиция әкімдік ғимараты алдында референдум жасамастан елорданы Нұр-Сұлтан деп өзгертуге қатысты өз келіспеушіліктерін білдіргісі келген 20 шақты азаматты ұстаған. Сонымен қатар азаматтардың ұсталуы Алматыда да тіркелген. Беделді халықаралық «Репортеры без грани» ұйымы журналистердің ұсталуына түсінік бере келе, Қазақстан билігінен журналистерді аңдуды тоқтатуды талап еткен. 29 наурызда журналистердің ізіне түсуді доғаруды «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры да талап еткен.
ҚазТАГ ХАА редакциясы 22 наурызда ішкі істер министрінің кеңесшісі – ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораздан түсінік беруін сұрады, ол ведомствоның болған жайтқа кейін түсінік беретінін мәлімдеді, бірақ өз уәдесінде тұрмады.
19 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Келесі президенттік сайлауға дейін Сенаттың экс-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша мемлекет басқарады. Ол өзінің алғашқы идеясы ретінде елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынды, бұл қоғам тарапынан түрлі пікір тудырды.

adimage