Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ - Астанада он екі қала маңы бағытының қозғалысы қолайсыз ауа райы салдарынан уақытша тоқтатылды, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет-ресурсынан.
«Ауа райы жағдайының нашарлауына, сондай-ақ тас жолдардың уақытша жабылуына орай №300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 315, 316, 317, 318 қала маңы бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қозғалыстың қалпына келтірілгендігі туралы қосымша хабарланады.
Астанада он екі қала маңы бағытының қозғалысы қолайсыз ауа райы салдарынан уақытша тоқтатылды
