Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – Астанада Қонаев көшесіндегі жөндеу жұмыстары салдарынан қазан айының аяғына дейін бірқатар автобустардың бағдары өзгереді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Астанада 19 ақпан мен 30 қазан аралығында Дінмұхамед Қонаев көшесімен жүретін №№ 12, 29, 29А, 35, 305, 312 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, осы кезеңде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңарту жұмыстарына байланысты Дінмұхамед Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі бөлігі жабылады.
Астанада Қонаев көшесіндегі жөндеу жұмыстары салдарынан қазан айының аяғына дейін бірқатар автобустардың бағдары өзгереді
