Астанада пара алған деген күдікпен кеден қызметкері ұсталды

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ - Астанада пара алған деген күдікпен кеден қызметкері ұсталды, деп хабарлады елордалық мемлекеттік кіріс департаменті (МКД) баспасөз қызметінен.  
«7 қыркүйекте Астана бойынша МКД ішкі қауіпсіздік басқармасы «Еркін экономикалық аймақ-Астана жаңа қала» кеден бекетінің жаңа маманын әшкереледі. Ол әкімшілік жауапқа тартпау және жалпы қолдау көрсету үшін сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алып келген», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Ведомствода атап өткендей,  күдікті ҚР ҚК 366 б.1б. қозғалған қылмыстық іс бойынша ұсталды.  


adimage