Астанада ҚР ІІМ орталық әскери-дәрігерлік полиция басшысы пара алғаны үшін сотталды

Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада ҚР ІІМ орталық әскери-дәрігерлік полиция басшысы пара алағаны үшін сотталды, деп хабарлады ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметінен.  
«Азамат И., ҚР ІІМ орталық әскери-дәрігерлік полиция басшысы бола тұра азаматша Т.-дан өз құзырына кіретін материалды шұғыл қарау үшін Т200 мың көлемінде пара алған. Алматы ауданы №2 аудандық сотының үкімімен И. ҚР ҚК 366 б. 2б.бойынша (пара алу) оған пара сомасынан 60 есе Т12 млн сома  көлемінде  айыппұл салынды», - деп хабарлады сәрсенбіде соттан.  
Сонымен қатар, медкомиссия басшысы өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.  
«Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарда.

adimage