Астанада ШОБ тексеруге мораторий сәтінен бері әрекетсіз тұрған 10 мыңнан аса кәсіпорынның көзі жойылды

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Шағын және орта бизнес бизнесті тексеруге мораторий енгізілген сәттен бері Астанада әрекетсіз жүрген 10 мыңнан аса салық төлеуші жойылған, деп хабарлады елордалық мемлекеттік табыстар департментінің жетекшісі Әбілқайыр Сықақов.
«Тексеру бөлігінің қызметкерлері (мораторий әрекеті кезеңінде – ҚазТАГ) тереңдетілген талдамалық және камералық жұмыс пен өзге де ұйымастыру бағыттарға қайта бағдарланды. Салық төлеушілердің, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының мәліметтер базасын жаппай түгендеу жүргізілген болатын. Әрекетсіз тұрған салық төлеушілерді сот арқылы күштеп жабу жүргізілді. Елорда бойынша ондайлар 10 мыңнан асады», - деді Ә. Сықақов бейсенбідегі брифингіде.
Ол мораторий аяқталғаннан кейін ешқандай жапатармағай жоспарлық және жоспардан тыс тексерудің болмайтынын қоса айтты.
«Бұл – орындардағы мемтабыстардың барлық аумақтық органдары қатаң ұстанатын мемлекеттік табыстар комитеті басшылығының принципті ұстанымы», - деп мәлімдеді департамент басшысы.
Хабарланғадай, Қазақстанда 2014 жылдың 2 сәуірінен бастап 2015 жылға дейін ШОБ субъектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жарияланды.

adimage