Астанада шығармашыл жастардың «Шабыт» атты XVII фестивалі басталды

Күні: 18:19, 03-11-2014.

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Бейбітшілік және келісім сарайында шығармашыл жастардың «Шабыт» атты XVII фестивалі басталды, деп хабарлады фестивальді ұйымдастырушылар.
«Биыл «халық музыкасы» және «кармералық хор» атаулары енгізілді, сөйтіп, шығармашылық дарындар үшін өздерін көрермендерге таныстырудың үлкен мүмкіндігі берілді», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.
«Конкурста келесідей сыйлықтар анықталды: ең басты жүлде – Қазақстан Республикасы президентінің кубогы; гран-при; «Лауреат» атағы мен «Шабыт» медалін табыс ете отырып 1, 2, 3 орындар.
Шығармашыл жастардың халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Дипломанты» атағын алу жас дарындарға үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік береді», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Конкурстық ән шырғаудан басқа, кешкі шаралар – қазылар алқасының концерті, музыкалық-көңіл көтеру шоуы, арт-клуб – танысу кештері, фестиваль лауреаттарының құрметіне әкімнің баллы ұйымдастырылады.  
«Фестивальдің маңызды бөлігінде әлемдік өнер шеберлерінің қатысуымен мастер-класстар өткізіледі. Фестиваль жеңімпаздарды құттықтаумен гала-концертпен аяқталады. Бұл шараның ұйымдастырушылары Астана әкімшілігі, Астана мәдениет басқармасы, Қазақ ұлттық өнер университеті», - деп толықтырды баспасөз қызметінен.  


Жаңалықтармен бөлісу: