Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ- Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесі бойынша жол төсемінің жөндеу жұмыстары жүргізіледі»,- делінген хабарламада.

25 маусым сағат 00:00 ден 28 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Фото көзі: КазТАГ/©Айнаш Сейтмуратова


adimage