Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ – Астанада төрт күн бұрын жоғалып кеткен 13 жасар Өмірхан Бақдәулет құдықтан өлі табылды, деп хабарлады «Астана – Что? Где? Когда?» Facebook-қоғамдастығының әкімшісі Ерлан Сәкенов.
«Өмірхан Бақдәулет үйінен 200 метр қашықтықта орналасқан құдықтан өлі табылды. Ол 16 ақпанда үйінен 40-шы станциядағы мұзға сырғанақ тебуге шыққан», - деп жазған сәрсенбіде паблик парақшасында.
Баланы іздеуге соңғы бірнеше күн бойы еріктілер атсалысқан болатын.
Астанада төрт күн бұрын жоғалып кеткен 13 жасар бала құдықтан өлі табылды
