Астанада тамыз айында кәмелетке толмағандарға қатысты 200-дей заң бұзушылық анықталды

Астана. 15 сентября. КазТАГ – Астанада тамыз айында кәмелетке толмағандарға қатысты  әкімшілік заңнаманың 198 бұзушылығы анықталды, деп хабарлады Астананың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.  

«Астана қаласының ІІД полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 442 бабы бойынша 198 құқықбұзушылықты анықтады, оның ішінде сот қаулысымен оның 9-на жалпы сомасы 148 650 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынса, 189 материал бойынша ескерту берілді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442 бабында кәмелетке толмағандардың түнде  заңды өкілдерінсіз жүруі және ойын-сауық орындарына барғандары үшін жауапқа тарту қарастырылған.  

Баспасөз қызметінде ҚР ӘҚБК 442 бабы бойынша әкімшілік істерді қарау мен әкімшілік жаза қолдану кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құзырына кіретінін нақтылай кетті.  

adimage