Астана. 2 қазан. ҚазТАГ – Астанада Тархан көшесі 4 қазанға дейін ішінара жабылады, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет-ресурсынан.
«Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әкімшілік полиция басқармасымен бірге автокөлік жолдарының орташа жөндеу жұмыстары аясында Тархан көшесі бойында А.Жұбанов көшесінен А.Пушкин көшесіне дейін жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Соған байланысты 2-4 қазан аралығында аталмыш учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы жабылады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарын көлік кептелісін болдырмау үшін өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауды ескертті.
Астанада Тархан көшесі 4 қазанға дейін ішінара жабылады
