Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концерті билетінің болжалды құны аталды

Күні: 19:20, 19-02-2019.

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өтетін Димаш Құдайберген көнцерті билетінің ең төменгі бағасын атады.
«Білесіздер ме, біздің басты мақсатымыз – ол билет сатудан түскен пайда емес. Әрине, әңгіме шетелдік концерт туралы болғанда, біз билеттің қымбат болғанына мүдделіміз. Ал Қазақстанда біздің мақсатымыз – көптеп кіргізу. Билеттер, менің ойымша – 500 теңгеден ары қарай болады», - деді А.Мұхамедиұлы сейсенбі күні ведомство алқасы барысында.
Ол еске салғандай, бүгінгі таңда АҚШ-та концерт беру жоспарланған және барлық қазақстандықтарға сый – Димаштың Астана күніне арналған концерті.
«Әрине, Астанада 6 шілдеде толықтай аншлаг болады. Біз өзімізге үлкен мақсаттар қоямыз. Бұл қазірдің өзінде қызығушылық тудыруда. Сондай-ақ, біз жақында АҚШ-тағы халықаралық телевизиялық шоудың екінші турын көреміз, бұл да оның танымалдығын одан сайын арттырады. Біз оған үлкен шоу жасауға міндеттіміз. Бұл жобалардың дамуы басқа орындаушыларымыз үшін де зор болмақ. Олар отандастарының осындай жетістіктерге қол эеткізіп жатқанын көргенде,олар да ұмтылатын болады», - деп атап өтті министр.


Жаңалықтармен бөлісу: