Астанада «уақытша баспанадағы» бес бала өрттен мерт болды

Астана. 4 ақпан. ҚазТАГ – Астанада «уақытша баспанадағы» бес бала өрттен мерт болды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.
«4 ақпанда сағат 2.34-те Астанадағы ТЖД «101» тетігіне Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласындағы бөлек түрған уақытша баспанадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. (…) Өртті сөндіру кезінде бес баланың мәйіттері табылды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Ата-аналары жұмыста болған», - деп хабарлады ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол нақтылағандай, өрт алаңы 30 ш.м. құраған, сонымен қатар 25 ш.м. алаңдағы шатыр құлаған.
«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды 3:06-да ауыздықтап, 3:24-те толық сөндірген. (…) Өртті сөндіруге Астана ТЖД бес бірлік өрт сөндіру техикасы мен жеке құрамдағы 17 адам және ТЖК ОӨАЖҚЖ бір бірлік техникасы мен жеке құрамдағы төрт адам жұмылдырылған», - деді Н. Нұрахметов.

adimage