Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ- Астанадағы апатты мектепті оқу жылы басталардан екі апта бұрын бұзу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
««ТехЭксперт-Т» ЖШС аккредиттелген ұйымы өткізген 20 шілдедегі техникалық қорытындыға сәйкес, нысан техникалық және санитарлық талаптарға сай болмай шықты. Тексеру нәтижесінде ғимараттың физикалық тозуы 54,4 пайыз болып бағаланды»,- деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
№25 орта мектеп апатты деп танылды. Білім басқармасы осы мектептің оқушылары жаңа оқу жылында № 36 мектепте оқитынын хабарлады. Мектеп екі ауысымда 2400 оқушыға арналған.
«№ 36 мектеп әкімшілігімен сыныптарды орналастыру, оқу кабинеттерін бөлу бойынша барлық ұйымдастыру мәселелері шешілді, балаларды қабылдау кезінде мектеп ғимаратына кіру және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мәселесі анықталды»,- делінген әкімдік хабарламасында.
Ал №25 орта мектептің аумағында оқу процесін ұйымдастырудың барлық заманауи талаптары ескерілетін жаңа мектеп салынады.
Қатысты сілтемелер
-
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17