Астанадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Қарағанды облысының тауар өндірушілері Т150 млн соманың 850 тонна өнімін әкелді

Қарағанды. 11 қазан. ҚазТАГ – Астанадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Қарағанды облысының тауар өндірушілері жалпы сомасы 150 млн. теңгені құрайтын 850 тоннаға жуық өнім әкелді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«10 қазанда елордада «Хан шатыр» СОО алдындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Екі күн бойы Қарағанды облысының барлық  ксәпіорындары елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарында.  

Хабарда айтылғандай, Қарағанды облысының ауыл шаруашылық өндірушілері Астанаға азық-түлік өнімдерін, халықтық тұтыну және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін әкелді. Олардың жалпы көлемі 850 тонна, құны Т150 млн.  

«Соның ішінде 80 тоннадан астам ет, 15 тоннадай май-сүт өнімдері, 700 тоннадай көкөніс пен картоп, 6 тоннадай балық, 500 мың дана тауық жұмыртқасы бар. Осы өнімдердің барлығы елорда тұрғындары мен қонақтарына нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды», - деп атап өткен хабарда.

Жәрмеңке өтіп жатқан «Хан Шатыр» СОО алдында 67 шатыр тігілді, оның 50-інде ауыл шаруашылық өнімдері, 13-інде қайта өңдеу өнімдері және 4 шатырда- бауырсақ пен қымыздың қайырымдылық фестивалі өтті.

Жәрмеңкенің ашылу салтанатына өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков қатысты. Ол президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөлуінің арқасында бұл сала қарқынды дамып жатқанын айта кетті.  

«Біздің өңір- өнеркәсіптік, индустриалды өңір. Бұл ретте ауыл шаруашылығына да аса көңіл аударылуда. Оның нәтижесі- біз өз өңірімізді ғана қамтып қоймаймыз, басқа өңірлерге, соның ішінде Астанаға да жеткіземіз», - деді Н.Әбдібеков.  

Әкімдік ақпарынша, заманауи технологияны қолдана отырып, өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері ағымдағы жылы жақсы өнім жинаған, мал шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде де жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген.  



adimage