Астанадағы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Қызылорда облысының 150-дей өнер қайраткерлері қатысады

Қызылорда. 27 тамыз. ҚазТАГ – Астанадағы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Қызылорда облысының 150-дей өнер қайраткерлері қатысады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«10-13 қыркүйек аралығында Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар бағдарламасы дайындалған», - деді Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының жетекшісі Қарылғаш Жүсіпова.
Бағдарламаға сай, Сыр бойы өнер қайраткерлерінің 1,5 сағаттық концерттік бағдарламасы, облыс мұражайларының «Ұлықталсын ұлы дала тарихы» атты тарихи жәдігерлер көрмесі, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, зергерлік өнер бойынша мастер-класстар өткізу, көркем кілем тоқудан, ағаштан бұйым жасаудан, қыш құмыра жасаудан мастер-класстар өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ бағдарламада ұлттық спорт түрлерінен жарыс жоспарланған. Облыстық мәдениет басқармасының мәліметтерінше, Астанада алтыбақанымен этноауыл құрылады. Этноауыл аумағында сахналар орнатылып, оларда Қазақстанның барлық аймақтарының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттер болады.  
«Осы мерекелік шараларға Қызылорда облысының 150-дей өнер қайраткерлері мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысады», - деді Қ. Жүсіпова.  
Оның айтуынша, концерттік бағдарламаларда Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Томирис» би ансамблі, жыраулар, балалар шығармашылығы фестивалінің лауреаттары қатысады.
Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған спектакль қойылады. Жергілікті Нартай Бекжанов ат. музыкалық-драма театрынан айтқандай, режиссер Тұңғышбай Жаманқұловпен сахнада Тахауи Ақтаңовтың «Ант» шығармасын қою туралы келісім жасалған.

adimage