Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Коныров. Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратының алдында өзін жармақшы болған ер адамды полиция көлікке отырғызып алып кетті, деп хабарлады оқиға орнынан агенттік тілшісі.
«Полиция қызметкерлері барлық қауіпсіздік шараларын қолға алды. Қазір ер адамның талаптары анықталуда. Толық ақпарат барлық мән-жай толыққанды анықталғаннан кейін ұсынылатын болады. Қазір ол ер адамның іс-әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде қаралуда. Оны Есіл ауданындағы полиция басқармасына барлық мән-жайды анықтау үшін алып кетті», - деді журналистерге оқиға орнынан ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда Ораз.
Бұған дейін хабарлағандай, ол ер адам шлагбаумның қасында тұрған, қолында ішінде белгісіз заты бар шыны бөтелкесі, қасында газ баллоны болған.
Д.Қонаев ат. көше көлігі жабылған. Оқиға орнына полиция, жедел-жәрдем көлігі және өрт сөндірушілер келген.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34