Астанадағы Дүкенұлы көшесінің құрылысына Т110 млн жоспарланған

Күні: 12:47, 06-11-2018.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Астанадағы Дүкенұлы көшесінің құрылысына Т108 957 818 жоспарланған, делінген мемсатып алу сайтында.  
«Астана қаласындағы Бейбітшілік көшесінен Фурманов көшесіне дейінгі Дүкенұлы көшесі  құрылысының  жобалық-іздестіру жұмыстарына Т108 957 818 жоспарланған», - делінген сейсенбіде жарияланған хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш лотқа тапсырыс беруші «Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
«Көлік магистралдарын/ жолдарды/ көшелерді/ темір жолдарын/ ұшу жолақтарын және солармен байланысты жұмыстарды жобалау бойынша инженерлік жұмыстар», - делінген лот сипаттамасында.  


Жаңалықтармен бөлісу: