Астанадағы музыкалық «Шабыт» фестиваліне қатысуға ең көп өтініш Қытайдан келіп түсті

Күні: 11:43, 14-10-2014.

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Астанада 3-8 қарашада XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі өтеді, деп хабарлады елордалық әкімшілік баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, бүгін байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Халық музыкасы» аталымы бойынша ең көп өтініш көрші Қытай мемлекетінен келіп түскен. Дарынды музыканттар сазсырнай, жетіген, сыбызғы сынды аспаптарда шебер ойнайды. Ал отандық қатысушылардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Шымкент өкілдері.
Биыл қатысушылар «Халық музыкасы» және «Камералық хор» жаңа аталымдары бойынша бәсекеге түседі. Халықаралық қазылар алқасы оларға өз бағасын беріп, үздіктерін анықтайды. Шара соңында дәстүр бойынша Президент Кубогы табысталады. «Шабыт» фестивалінің бас жүлдесі - лауреат дипломы, медаль мен 250 000 теңге құрайтын жүлде қоры.


Жаңалықтармен бөлісу: