Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтеді

Күні: 12:18, 18-09-2018.

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
«18 қыркүйекте сағат 12.00-де Астана қ. төтенше жағдайлар департаменті «Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешені аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізеді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Р.Иманқұловтың айтуынша, аталмыш оқу-жаттығуларын өткізудегі мақсат шартты өртті сөндіру мен адамдар мен материалды құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету бойынша темір жол-вокзалы кешенінің қызметкерлерімен өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің іс-қимылдарын пысықтау.  
«Соған байланысты азаматтардан сабырлылық танытып, өткізіліп жатқан өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға түсіністік танытуларын, қауіпсіздік шараларын сақтап, жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз», - деп атап өтті ТЖК өкілі.  


Жаңалықтармен бөлісу: