Астанадағы үш көше тұрғындары судың дұрыс ақпауына шағымдануда

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Астанадағы үш көше тұрғындары судың дұрыс ақпауына шағымдануда, деп хабарлады Telegram-канал Astanovka98.
«Қарасай батыр, Рысқұлбеков, Сарыарқа көшелерінің тұрғындары сумен жабдықтаудың дұрыс болмауына шағымдануда», - делінген хабарда.
Тұрғындар суды ыдыстарға алдын-ала құйып алуға мәжбүр болып жатқандарын, ал кейбіреулерде судың мүлде ақпай тұрғаны туралы видеолар жіберген.
Бұған дейін ҚазТАГ Астанада су тапшылығының орын алғанын – оның қысымы кесте бойынша реттеліп отырғанын хабарлаған еді.

adimage