Астанадағы шұжық зауытын 2019 жылдың IV тоқсанында іске қосу жоспарлануда

Күні: 15:16, 05-02-2019.

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Астанадағы шұжық зауытын 2019 жылдың IV тоқсанында іске қосу жоспарлануда, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шөкеев.
«Мемлекет басшысы Астанада шұжық зауытының құрылысы бойынша тапсырма берді. Жоба құны Т5,4 млрд, қауты жылына 20 мың тонна ет өңдеу, зауытқа еуропалық құрал-жабдық орнатылады, 250 адамға арналған жұмыс орны құрылатын болады. Қазір Астана әкімдігімен бірге біз жұмыс жасап жатырмыз, алаңы 3, га учаске бөлінген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталған. Ол 2019 жылдың IV тоқсанында іске қосылады деп жоспарлап отырмыз», - деді Шөкеев сейсенбідегі үкімет отырысы барысында.
Еске салсақ, 30 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АШМ басшысына елордада қуатты шұжық зауытын салуды тапсырған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: