Астанадағы Сирия жөніндегі халықаралық кездесу 2018 жылдың қараша-желтоқсанында өтуі мүмкін

Күні: 13:26, 25-10-2018.

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ – Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі кезекті халықаралық кездесу 2018 жылдың қараша-желтоқсанында өтуі мүмкін, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
«Астаналық процестің» кепілгер-елдерінің өкілдерінің мәлемдемесі бойынша олар Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі келесі кездесуді осы формат аясында Астанада өткізуге ниетті.  Уақыты мен күн тәртібі кепілгер-елдерден соңғы ақпаратты алғаннан кейін сіздерге хабарланады», - деп келтіреді ТАСС Қ.Әбдірахмановтың сөздерін.  
Оның айтуынша, «алдын-ала ақпар бойынша мәселе қарашаның соңы-желтоқсанның басы жайында».  
Сочиде өткен астаналық форматтағы Сирия жөніндегі 10-шы халықаралық кездесудің қорытынды коммюникесінде оның қатысушылары келесі кездесуді 2018 жылдың қарашасында өткізуге келіскендігі айтылған.  
Еске салсақ, Астанада Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздердің тоғыз раунды өтті. Қазақстан елордасындағы кездесудің негізгі нәтижесі елдегі зорлық-зомбылық деңгейін барынша төмендетуге мүмкіндік беретін деэскалация аймағын құру болды.


Жаңалықтармен бөлісу: