Астанадағы соңғы айдағы жас ана өлімінің бесінші жағдайының алдын-ала себебін атады

Астана. 4 қыркүйек. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Астанада бесінші жас ананың өліміне қағанақ суы эмболиясы себеп болған, деп мәлім етті Астана қ. қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
«Расымен де 1 қыркүйекте сағат 22:20-да бесінші жас ана өлімі тіркелді. Бұл - аяқасты болған өлім. Алдын-ала болжам бойынша, қайтыс болған әйелге «Қағанақ суының эмболиясы» диагнозы қойылды. 2 қыркүйекте патологиялық сою жүргізілгенде, бұл диагноз расталды. Бірақ, бұл әлі де алдын-ала болжам болып қала береді», - деді А.Рүстемова сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.  
Нақты себебі, оның айтуынша, апта соңында паталогоанатомдар гистологиялық зерттеуден кейін жарияланады.
«Қағанақ суы эмболиясы жас ананың аяқасты өлімінің негізгі себептерінің бірі. әйелдің жүрек соғысы тоқтаған кезде кесір тілігі жасалып, бала аман алып қалынды. баланы құтқарып үлгердік», - деді қалалық денсаулық сақтау бесқармасы басшысының орынбасары.  
Өз кезегінде штаттан тыс бас акушер-гинеколог Иван Коркан Астанада тіркеліп отырған бесінші ананың өліміне толықтай дәрігерлерді кінәлаудың дұрыс емес екенін мәлімдеді.  
«Бүгінгі таңда еш кедергісіз бала көтеріп, өздігімен босана алатын дені сау әйелдердің пайызы   15% ғана. Қалған әйелдердің барлығында қандай да бір ауру түрлері бар, олар жүктілікке, жатыр ішіндегі балаға қандай да бір әсерін тигізеді», - деді  И. Коркан.
Оның айтуынша, қағанақ суының эмболиясы - өте сирек дерт, 10-15 мың жүкті әйелдің бірінде ғана кездеседі.
«Оны алдын-ала болжау әлемде мүмкін емес. Медициналық көмек көрсетілгенімен, әйелдердің 90% көз жұмады. Бұл - әлемдік статистика. біз баланы құтқардық, әзірге жағдайы ауыр, бірақ бала тірі және өмір сүретін болады», - деді професссор.
4 қыркүйекте Астанада  36 жасар жас ананың босанып жатқанда көз жұмғаны белгілі болды. Хабарда атап өтілгендей, жүктілігі еш қиындықсыз өтіп жатқан. Дәрігерлердің алдын-ала болжамы бойынша жүрегі тоқтап қалған. Бірақ әзірге ресми растама жоқ
Бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астананың перинаталды орталығындағы жас аналардың өліміне түсінік бере келіп, Қазақстанда көз жұматын жас аналардың көбінің уақытылы есепке тұрмайтындарын айтқан болатын.  Жалпы оның айтуынша, 2018 жылы жүктілік кезінде және босанғаннан кейін көз жұмған әйелдер саны 31 болып отыр.

adimage