Астанадағы Тұран даңғылы 25 қыркүйекке дейін ішінара жабылады

Күні: 13:07, 06-09-2018.

Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанадағы Тұран даңғылы 25 қыркүйекке дейін ішінара жабылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайтынан.  
«Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ және Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірге, ағымдағы жылдың 5 қыркүйектен (23:00)  25 қыркүйекке дейін, Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскедегі Тұран даңғылы бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты, автокөліктердің қозғалысы ішінара жабылатын болады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс туындырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.


Жаңалықтармен бөлісу: