Астанадағы жәрмеңкеге Алматы облысының ауыл шаруашылық өндірушілері 300 тонна өнім апарады

Талдықорған. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанадағы жәрмеңкеге Алматы облысының ауыл шаруашылық өндірушілері  300 тонна өнім апарады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«3 қазанда Астана қаласында жыл сайынғы ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осы жолы жәрмеңкеге Алматы облысы қатысады, оған облыстың 16 ауданы мен 3 қаласының ауыл шаруашылық өнімдері апарылады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.

Алматы облысының ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Бекбосыновтың айтуынша, жәрмеңкеге жалпы сомасы шамамен Т91 млн болатын 300 тоннадай түрлі өнім апарылады.  

«Алматы облысының ауыл шаруашылық өндірушілері астаналықтар мен қала қонақтарына әр түрлі, сапалы, экологиялық жағынан таза және пайдалы өнімнің 65 түрін ұсынады. Бұл ретте жәрмеңкедегі баға базардағыдан төмен болады. Оған қоса жәрмеңкеде мәдени бағдарлама да болады», - деп атап өтті Қ.Бекбосынов.

adimage