Астанадағы жаңа коррекциялық мектеп-интернаты бір жылдан кейін 375 баланы қабылдайды

Күні: 18:58, 16-10-2014.

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ -  Аcтанадағы жаңа коррекциялық мектеп-интернаты бір жылдан кейін 375 баланы қабылдайды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайтынан.

«…Астанада коррекциялық мектеп-интернат салынып жатыр. Ол «Көктал» кентінде орналасқан, бір жылдан кейін мұнда мүмкіндігі шектеулі 375 бала  оқитын болады», - делінген бейсенбіде Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланған хабарда.  

Хабарда жоспар бойынша ғимараттың түрлі мақсаттағы 8 блоктан тұратыны айтылған.

«Атап айтсақ, көру және есту қабілеті нашар, тірек-қимыл аппараты бұзылған және кемшіліктері бар балаларға арналған әрқайсысы 125 орындық үш жеке блок болады», - делінген хабарда.

Сонымен қатар, екі ғимарат оқу-әкімшілік блокқа арналады.
  
«40-қа жуық оқу сыныбы, зертханалар, акт залы, қызығушылықтар бойынша үйірмелерге арналған кабинеттер ашылады. Мектептің басқа блоктарында спорт залы мен бассейн, оқу-өндірістік шеберханалар, балалар шығармашылығына арналған бөлмелер болады. Тұрмыстық жайлар мен қонақ бөлмелерге жеке блок бөлінген. Алдағы уақытта салынатын мектепті асхана мен медициналық блок біріктірмек», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: