Астанадағы жеке балабақшалардың біріндегі өрттен бір адам ауруханаға түсті

Күні: 16:29, 13-09-2018.

Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанадағы жергілікті жеке балабақшалардың біріндегі өрттен бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің (ТЖК) баспасөз қызметінен.
«Сағат 7.34-те  Сарыарқа ауданында  «Көктал-1» тұрғын үй аумағындағы мемлекеттік емес «Балдәурен» балабақшасында бөлек тұрған асханасының, қазандығы мен көмір түсіретін жайдың төбе жабыны өртенген. Өрт алаңы 30 ш.м. құраған.  Өрт 7.51-де ауыздықталып, 8.15-те толық сөндірілді. Өрт салдарынан балабақшаның шаруашылық жөніндегі 1973 жылы туылған жұмысшысы түтіннен уланып  ауруханаға түсті», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов бейсенбіде.  
Ол нақтылағандай, ТЖ сөндіруге Астананың өрт сөндіру қызметінің 12 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды.  
«Зерттеуші өрт зертханасының сарапшылары өрттің шығу себебін анықтауға кірісті», - деді Р. Иманқұлов.


Жаңалықтармен бөлісу: