Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада журналист Ирина Бекетованың өліміне қызғаныш себеп болған болуы мүмкін, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Журналист И.Бекетованы онымен бірге тұратын Анатолий Гусейнов оны басқа ер адаммен подъезде кездестіріп, қызғаныштан өлтірген болуы мүмкін, Марқұм мен бірге тұратын адамның арасында жанжал туған. Олардың ұрысып жатқанын көрген басқа ер адам кетіп қалған. Алайда ол кетіп бара жатқанда оның әйелді ұрып жатқанын естіген, кері қайтып барғанда Бекетова есінен танып жатқан. Содан ол жедел-жәрдем шақырған. Сол кезде А.Гусейнов белгісіз жаққа қашып кеткен», - деді сейсенбіде ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.
Ол нақтылағандай, И:Бекетова мен А.Гусейнов ресми некеге тұрмаған, бірақ «ортақ екі балалары бар».
«Күдіктіні ұстауға елордалық ІІД барлық жеке құрамы мен күші жұмылдырылған», - деді А. Садубаев.
А. Гусейновке іздеу жарияланған.
«Қандай да бір ақпарат белгілі болса, азаматтардан Астана қ. ІІД мына телефон бойынша: 8 (7172) 71-60-17, 71-61-47, 71-60-21 немесе 71-60-10, 71-60-11 кезекші бөліміне хабарласу керек», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Nur.kz жаңалықтар порталының тілшісі И. Бекетованы Астанада өлтіріп кетті. Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Астанадағы журналистті өлтірудің алдын-ала себебі белгілі болды: күдіктіге іздеу жарияланды
