Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Елордада 12-13 қыркүйек күндері «Думан» ойын-сауық орталығының алдында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қызылорда облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Облыс 37 өнімді және сонымен қатар күріш, бақша өнімдері, жеміс-жидектер мен көкөністер, ет, сүт өнімдері және басқалары секілді өз брендтік өнімдерін таныстырады. Сыр елінен келген жәрмеңкеде 71709,9 мың теңгелік сомаға 424,19 тонна мөлшерде өнім таныстырылмақ.
Азық-түліктер елордалық базар бағасынан 15-20%-ға төмен бағамен сатылатын болады.
Астана орталығындағы молшылық мейрамы қызылордалық өнер шеберлерінің мерекелік концертіне ұласады. Сондай-ақ, астаналықтар мен елорда қонақтары ұлттық тағамдарға ауыз тигізе алады.

adimage