Астана. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада жөндеу жұмыстары салдарынан оң жағалаудағы көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет ресурсынан.
«Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Тәуелсіздік даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаскедегі А. Пушкин көшесі бойынша асфальтбетондық жабындының жоғарғы қабатын салу жұмыстарын бастауды жоспарлауда. Осыған байланысты, 7 қыркүйек сағат 11:00-ден 8 қыркүйек 06:00-ге дейін және 8 қыркүйек сағат 11:00-ден 9 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі А. Пушкин көшесінің аралығы автокөлік құралдарының қозғалысы үшін ішінара жабық болады», - деп хабарлады жұма күні қалалық әкімдіктен.
Cонымен қатар, жөндеу жұмыстары кезінде А. Пушкин көшесі бойынша жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі.
«Айналып өту Қ. Мұнайтпасұлы көшесімен ұйымдастырылады», - деді Астана әкімдігінен.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Астанада жөндеу жұмыстары салдарынан Оң жағалаудағы көшелердің бірінде көлік кептелісі шектеледі
