Астанада жаңа ақылы тұрақтар туралы бір ай бұрын ескертетін болады

Күні: 13:30, 07-12-2018.

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Астанада жаңа ақылы тұрақтар туралы бір ай бұрын ескертетін болады, деп хабалады елорда әкімінің ресми интернет-ресурсынан.
«Ақылы тұрақ орындарын іске қосудың келесі кезеңі сол жақ жағалаудағы Қонаев, Достық көшелерінде, оң жақ жағалаудағы Кеңесары, Бейбітшілік, Сейфуллин, Желтоқсан және Жеңіс көшелерінде жүзеге асады. Автоқұмарларға бір ай бұрын хабарлаймыз. Ақылы тұрақтар пайда болатын орындарда бұл жердің алдағы уақытта ақылы болатыны туралы ескерту сипатындағы ақпараттық қалқандар орнатылатын болады», - деді жұмада «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС баспасөз хатшысы Айгүл Амантаева.
2019 жылдың соңына дейін қала аумағында 10 мың ақылы тұрақ орындары пайда болады деп жоспарлануда.
«Автотұрақтарды пайдаланушылардың пікірін саралай келе, 10 айлық жұмыстың нәтижесінде ақылы тұрақтар жүйесі көліктердің жол бойында бей-берекет қойылуын болдырмауға, Нұржол желекжолын жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз етуге септігін тигізді», - деп атап өтті синоптиктер.
Оның айтуынша, желекжол маңындағы көшелердің өткізу қабілеті де едәуір ұлғайды.
«Ақылы тұрақтар туристер үшін ыңғайлы болды. Қыдырушы туристер енді Нұрлыжол желекжолында қымтырылмай, бей-берекет қойып тастаған көліктер арасынан өтетін орын іздеп жүрмейтін болды. Енді демалушылар Нұрлыжол желекжолының екінші жағына еркін өте береді. Жобаның мақсаты да осы болатын. Көпшілік ойлағандай табыс табу емес, бастысы ыңғайлылық», - деп мәлімдеді компания өкілдері.
Ол атап өткендей, 23 сәуірден бастап ақылы тұрақ ережесін бұзғаны үшін айыппұл есебінен Астана бюджетіне 66,7 млн теңгенің құйылғандығын жеткізді.
«Ақылы тұрақ құнын көтеру 2019 жылдың күзінде қаралады», - деді А. Амантаева.


Жаңалықтармен бөлісу: