Астанада жедел жәрдем станциясы жеңіл автокөлікті жалға беру қызметіне Т149 млн жұмсамақ

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ - Астанада жедел медициналық жәрдем станциясы жеңіл автокөлікті жалға беру қызметіне Т149 млн жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші – Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК; атауы - услуги по аренде легковых автомобилей («жеңіл автокөлікті жалға беру қызметтері», қазақша лотта атауы орыс тілінде жазылған - ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - услуги по аренде легковых автомобилей с водителем («жүргізушісі бар жеңіл автокөлікті жалға беру қызметтері», қазақша лотта қосымша сипаттамасы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); жоспарлы сома - Т149 173 333,33», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 10 сәуірде басталған, аяқталу мерзімі 25 сәуір.

Фото көзі: driver-helper.ru


adimage