Астанада жол жөндеу жұмыстары кезінде даңғылдардың бірі жартылай жабылады

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Астанада жол жөндеу жұмыстары кезінде даңғылдардың бірі жартылай жабылады, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет ресурсынан.  
«Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Б. Момышұлы даңғылынан Б. Майлин көшесіне дейінгі учаскедегі М. Жұмабаев даңғылы бойынша асфальтбетондық жабынының жоғарғы қабатын салуға байланысты жұмысты бастауды жоспарлап отыр. Осыған байланысты, осы жылдың 14 тамызы сағат 20:00-ден 15 тамыз сағат 13:00-ге дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы жабылатын болады», - деп хабарлады сейсенбіде әкімдіктен.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.

adimage